Қазақы тазы аңшылық сынақтан өтті
Тазының аңшылық шеберлігі - ата-бабаларымыз үшін басты сұрыптау өлшемі болған. Астанада еліміздің әр өңірінен келген 20 қазақы тазы сынақтан өтіп жатыр. Бұл селекциялық жұмысты жүйелеуге жәрдемдеседі дейді ұйымдастырушылар.
Жүгіртсе – желмен жарысқан, жетекке алса – сұлулықтың символы, ал, аңға салса – аузын майлаған тазының табиғаты тамсандырмай қоймайды. Сондықтан ықылым заманнан тазы тұқымы халқымыз үшін қадірлі.
Тазының тамырына тектілік тұнған. Мүсінінде мін жоқ. Бойында қуат, екпінінде еркіндік бар. Қазақ жерінде жеті мың жылдық сұрыптаудан өтіп, бүгінге жетті. Сондықтан таза қанды тазының тұқымын сақтау үшін үнемі сынақтар өтіп тұрады.
Әділхан Төкенов, бас төреші:
Іс-шараның басты мақсаты айта кетерлік жайт, тазының санына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Саны жеткілікті. Саннан сапасына көшетін уақыт келді.
Қарағандылық Данияр Сүлейменов саятшылық өнерді серік еткен. Жастайынан тазы жүгіртіп, аңға салу дәстүрін дәріптеп жүр. Бүгінгі бастама бағзыдан жеткен мәдени мұрамызды насихаттауға жол ашады дейді.
Дания Сүлейменов, қатысушы:
Қазақтың жеті қазынасының бірі. Қанымызға жақын болғаннан кейін тазыға құмарлығымыз бар. Менің қолымда тұрған тазы 2,5 жастағы шашаққұлақ тазы. Лақапаты сұңқар. Аңшылық маусым басталғалы 7 қоян алған жайым бар.
Сарыарқаның сайын даласындағы сынаққа еліміздің әр өңірінен 20 қазақы тазы қатысты. Барлығының бабы келіскен. Бір қарағанда, жуас болып көрінуі мүмкін. Бірақ, аңға салса, алдырмай қоймайды. Бүгінгі сынақтың мақсаты да осы. Тазы тұқымын тексеріп, селекциялық жұмыс жүргізу.
Бауыржан Серікқали, «Қазақстан кинологтар одағы» РҚБ президенті:
Иттер өзінің шеберлігін көрсетті. Бұл шараға ең үздік деген иттер қатысып жатыр. Маневрлік, жылдамдығы, жүйркітігі сондай қасиеттері бағаланып, шешім шығарылады. Ортақ жүйе болу қажет. Тазыны баптау және тиісті сынақтарды қолдану.
Сансызбай Қожахметов, қатысушы:
Бұл тазының аты Көкдауыл. Аңға, қоянға және де елікке шыққанда өте керемет. Өте бейімделген. Сол себептен көк тазыны жақсы көремін. Үйде 12 тазым бар. Соның 7-8-і көк тазы.
Алдағы уақытта дәл осындай іс-шараны өзге өңірлерде де өткізу жоспары бар. Бұл қатысушылар қатарын көбейтуге және тазы тұқымын жүйелеуге мүмкіндік бермек.
Автор
Қозы-Көрпеш Жасаралұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Футболдан Әлем чемпионатының екінші тур ойындары аяқталуға жақын
21.06.2026, 20:10
Саябақтағы аттракциондардың қауіпсіздігіне кім жауапты?
21.06.2026, 20:05
Ең төменгі жалақыны екі есе көтеру еңбек нарығына қалай әсер етеді?
21.06.2026, 20:04
Ішімдік ішіп, көлікпен адам қағу неге абайсызда жасалған қылмыс деп бағаланады?
21.06.2026, 20:02
Баланың денсаулығын кім қадағалайды: Педиатр ма, әлде жалпы практика дәрігері ме?
21.06.2026, 19:57
Былтыр елді мекендерде еңбек ететін дәрігерлерге 4,5 миллиард теңге қаржы бөлінген
21.06.2026, 19:55
Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президентінің шақыруымен Брюссельге ресми сапармен барады
21.06.2026, 19:50
Қазақстандық спортшылар халықаралық жарыстарда 19 медаль жеңіп алды
21.06.2026, 19:50