«Үркер» - 2025 ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Жаңа ғана «Үркердің» үздіктері анықталды. БАҚ саласындағы беделді байқауда 11 аталым бойынша медиа саласының майталмандары марапатталды.
«Қазмедиа» - соңғы үш күнде қазақстандық БАҚ-тың басын қосқан орталыққа айналды. Бүгін «Astana Media Week» апталығының қорытынды кешінде «Үркердің» үздіктері анықталды.
«Үркер» отандық БАҚ пен медиа мамандардың шығармашылық әлеуетін бағамдайтын байқау. Биыл 11 номинация бойынша 400-ден астам өтінім келіп түскен. Соның ішінде «Радиостанциядағы үздік жоба» аталымы бойынша.
Гүлнұр Омарханқызы, «Shalqar» Ұлттық радио арнасының редакторы:
Біз өте қуаныштымыз. Бұл әрине «Shalqar» ұжымының қажырлы еңбегі деп бағалауға болады. Өйткені біз радио табылдырығын аттаған кезде ұлт руханиятына қызмет етеміз деп міндет жүктелген. Жауапкершілік пен адалдықты қабылдадық.
Жалпы, бәйгеге келіп түскен материалдардың 44-і ғана шорт-листке енді. Солардың арасында елордалық «Астана ақшамы» басылымы «Ең үздік өңірлік БАҚ» деп танылды.
Олжас Сыдықбек, «Elorda Aqparat» медиахолдингін директоры:
Биыл газетке 35 жыл толып жатыр. «Астана ақшамының» биыл мерейлі жылы. Біздің ұжым үшін үлкен қуаныш болып жатыр. Біз осы номинацияға осыдан 2 жыл бұрын қатысқанбыз. Биыл бізге бұйырып тұр екен.
«Үркер» - 2025 ұлттық сыйлығы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен өткізіліп келеді. Жүлдегерлерге мүсінше мен бір миллион теңге қаржылай сыйлық табысталды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы