Түркі елдерінің достығын дәріптеген басылымдар
Бұқаралық ақпарат құралдары түркі әлемінің байланысын нығайтуда ерекше рөл атқарып келеді.
Бұл туралы Алматыда өткен «Ахысқа» газетінің 25 жылдығы мен «Түрік бірлігі» журналының 15 жылдық мерейтойында айтылды. Кездесуде баспа саласының өкілдері мен қоғам қайраткерлері мемлекеттер арасындағы байланысты нығайту жолдарын талқылады. Мұндай маңызды миссияда газет-журналдардың алатын орны ерекше. Олар халықтардың мәдениетін насихаттап, түркі мемлекеттері арасындағы жаңалықтарды бөліседі. Осылайша, елдер арасында бауырластық пен өзара құрмет одан әрі нығая түседі, дейді шараға жиналғандар.
Ровшан Мамедоглу, «Ахысқа» газетінің бас редакторы:
Біздің газетіміз әлемнің 9 мемлекетінде шығарылады. Осылайша, Қазақстанда болып жатқан жаңалықтардың таралу аймағы ұлғаяды. Бұл - ата жұртымыз бен түркі әлемінің арасындағы алтын көпір. Мәдени және рухани байланысты күшейтетін құрал. Қазақстан халқы Ассамблеясының бұл бағыттағы рөлі зор.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы орта бизнестің үлесін 20 пайызға жеткізуді ұсынды
05.10.2026, 20:37
Қайтарылған активтер есебінен салынған жаңа стадион іске қосылды
05.10.2026, 20:22
Жаңа технология – ғылымға серпін
05.10.2026, 20:21
Кітап оқып, 10 миллион теңгеге ие бол!
05.10.2026, 20:21
Кітап – алтын қазына
05.10.2026, 20:20
Ұстаз – ұлт болашағының шамшырағы
05.10.2026, 20:18
Ұлағатты ұстаздар марапатталды
05.10.2026, 20:17
Трактор тізгіндеген кейуана ауылдастарына қолғабыс етіп жүр
05.10.2026, 20:16