Статистика саласы цифрландырылып жатыр
Қазақстанның статистика органдарының құрылғанына 105 жыл. Осыған орай Астанада «Ұлттық статистикалық жүйелерді цифрлық трансформациялау» тақырыбында халықаралық форум басталды. Статистика саласы мемлекеттік басқару мен экономикада айрықша мәнге ие. Сол арқылы ұзақ мерзімді жоспарлар түзіліп, нақты шешімдер қабылданады. Қазір Президент тапсырмасына сәйкес, саланы цифрландыруға ерекше екпін берілген. Мәселен, биыл заманауи технология көмегімен алғаш рет ауылшаруашылық санағы өтті. Бұған қоса «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесі жетілдіріліп жатыр. Форумда деректердің сапасы және жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселелесі талқыланды. 15 елден келген делегаттар, халықаралық ұйым өкілдері тәжірибе алмасып, меморандумға қол қоймақ.
Мақсат Тұрлыбаев, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы:
Ұлттық статистика бюросы қазіргі таңда цифрлық трансформациялау жұмыстарын жүргізуде. Бүкіл процесс тез жүреді. Жалпы, ішкі өнімді талдау үшін бізге бұрын 20 күн керек болса, қазір бізде 1 сағатқа дейін қысқартылды.
Сонни Гарри Будиутомо Хармади, Ұлттық статистика орталығы директорының орынбасары /Индонезия/:
Өздеріңізге белгілі, ауыл шаруашылығы саласы Индонезияда негізгі бағыттың бірі. Сондықтан аграрлық сектордағы статистика ел дамуында маңызды рөл атқарады. Осы ретте бүгінгі форум тәжірибе алмасу үшін таптырмас алаң болды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы