Басты Жаңалықтар «Алға, Қазақстан!»: Елімізде жалпыұлттық нышандар тізімі бекітілді

«Алға, Қазақстан!»: Елімізде жалпыұлттық нышандар тізімі бекітілді

Тұжырымдамалық құжатта жалпыұлттық нышандардың тізбесі де қатталды. Енді елдің ұлттық ұраны - «Алға, Қазақстан!».  Тыныштықтың белгісі саналатын аспан түстес көк түс, сондай-ақ молшылық пен берекенің символы «алтын сары түс» біздің ұлттық бояу болып бекіді. Ал ықылым заманнан ынтымақтың, берекенің бастауына баланған «шаңырақ» ұлттық бірліктің таңбасы боп танылды.

Қазақ руханиятының алтын қазығына айналған Абайдың қара сөздері «ұлттық кітап нышаны» деп белгіленді. Дәуірлер бойы даланың дауысы болған домбыра «ұлттық музыкалық аспап», ал жазиралы жерімізді жайнатқан қырдың қызыл қызғалдағы ұлттық нышанға айналды. Елдің тарихи-мәдени ерекшеліктерін айқындайтын ұлттық нышандардың тізімін жасау – әлемде кеңінен қолданылатын тәжірибе. Мұны бүтін елдің бренді десек болады.

Заман сұранысына сай, отандық өнім шығарудың ұлттық белгісі бекітілді. Ол - «Қазақстанда жасалған», «Made in Qazaqstan». Интернет кеңістегіндегі ұлттық хэштег – латын әріптерімен q және k әріптерімен жазылатын Qazaqstan болмақ. 


 


Бөлісу