Ресейде 20 мыңға жуық тұрғын сусыз қалды, бензин тапшылығы ұлғайды
Ресейдің Ставрополь өлкесінде коммуналдық апат болып, 20 мыңға жуық тұрғын сусыз қалды. Апатқа су құбыры желілерінің тозуы себеп болған. Жылыту маусымы басталғалы бері Ресейдің бірнеше өңірінде осындай жағдай тіркелді. Себебі су құбырлары ескі 20–30 жылдан бері жөндеу көрмеген. Қазір апатты жою жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы соңғы екі аптада Ресейде жанармай мәселесі де шешілмей тұр. Кейбір өңірлерде АИ-92 маркалы бензин таусылып қалған. Қазір бір қолға 20 литрден артық бензин сатылмайды. Мамандардың айтуынша, жаңа жылға дейін бензин тапшылығы өсіп, бағасы тағы қымбаттауы мүмкін.
Дмитрий Журавлев, сарапшы:
Тапшылықтың басты себептерінің бірі — ішкі нарықта бензин арзанырақ. Сондықтан компаниялар сыртқа экспорттағанды жөн санап, елде бензин жетпей жатыр. Сонымен қатар, олар бұрынғыдай субсидияланбайды. Бұл мәселеге Үкімет араласқанымен, әлі шешілмеді.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде санкция салдарынан кәсіпорындар жұмысы тоқтады
28.09.2026, 20:56
Ағза алмастыру кезегінде 6867 адам тұр
28.09.2026, 20:31
Азиада: Ауыр атлеттер ел қоржынына екі күміс жүлде салды
28.09.2026, 20:12
Орталық Азиядағы алғашқы FIA дрифт додасы мәресіне жетті
28.09.2026, 20:10
Бурабайда «Өр Алтай – түркілердің атамекені» халықаралық конференциясы өтті
28.09.2026, 20:09
Шетелдік валютада депозиті бар азаматтардың табысы артуы мүмкін
28.09.2026, 20:08
«Кітап оқитын ұлт»: 10 үздік оқырманға 10 млн теңгеден беріледі
28.09.2026, 20:07
Газ саласының үздіктері анықталды
28.09.2026, 20:06