Еліміздегі неміс диаспорасы Қазақстан мен Германия ынтымағына әсер етуде
Қазақстан мен Германия арасындағы байланыс беки түспек. Әсіресе білім беру мен бизнес саласындағы жобаларды жандандыруға біздегі «Возрождение» немістер бірлестігі атсалыспақ. Бұл туралы «Болашаққа көзқарас» атты Қазақстан немістерінің республикалық форумында айтылды.
Алқалы жиын Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған. Форумда секциялық отырыстар өтті. Онда этносаралық бірлікті сақтау мәселесі қаузалып, жастардың стратегиялық бағыттары айқындалды. Сондай-ақ Қазақстанға Германиядан бизнес жобаларды тарту жайы сөз болды. Бұған 1992 жылы құрылған «Возрождение» Қазақстандағы немістер бірлестігі үлкен үлес қосып келеді. Бұдан бөлек қор бастамасымен аймақтарда неміс ұлттық-мәдени орталықтары ашылған.
Альберт Рау, Мәжіліс төрағасының орынбасары:
Қазір елімізде 226 мыңнан аса этникалық неміс тұрады. 4 жыл сайын форумда бас қосып, алдағы жұмыстар барысы талқыланады. Мәселен бүгін Қазақстандағы неміс ұлтынан шыққан жүзге жуық кәсіпкер келді. Осы тұста айтып өтетін жайт, олар Қазақстан азаматы. Кейбірі Германияға барып, сонда кәсіп бастап, кейін оны өз елімізде жалғастыруда. Осылайша екі жақты экономикалық байланысты нығайтуға септігін тигізіп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы