Көлік пен мүлік салығына қатысты өзгерістер
Қозғалтқыш көлемі 4 литрден асатын көлік иелеріне 500 мыңнан бастап 800 мың теңгеге дейін салық салынса, келер жылы мөлшерме азаяды. Енді олар шамамен 460 мың теңге салық төлейді. Сондай-ақ, жер мен мүлік салығында да біршама өзгеріс бар. Ол қандай өзгерістер?
Келер жылдан бастап жаңа салық кодексі күшіне енеді. Соның ішінде көпшілік көлік салығын асыға күтіп отыр. Өйткені, темір тұлпар кей отбасының табыс көзі ескерсек, салықтан түсетін салмақ айтарлықтай жеңілдемек.
Жандос Төлегенов, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің бас сарапшысы:
Мысалы көлік салығы 500 мың теңге болса, көліктің жылы 20 жылдан асқан болса, оларға 0,5 кф енгізіледі. Яғни, 500 мың теңгенің орнына жеке тұлғалар 250 мың теңге төлейді. Бұл жерде кф бойынша, барлық автокөліктерге қолданылады. Бұл жерде қозғалтқыш көлеміне қарамайды.Саладағы тағы бір өзгеріс мүлік салығына қатысты. Егер мүлік салығының сомасы 1 млн теңгеден аз болса, азаматтар ағымдағы төлемдер бойынша есеп тапсырмайды. Есесіне, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері үшін салық және төлем мөлшері 2 есе көбейеді.
Ләззат Нұрғалиқызы, экономист-сарапшы:
Жерді алып алып, пайдаланбай отырған азаматтарға біржағынан сигнал деп айтсақ болады. Бұл да біздің азаматтардың жауапкершілігін арттырады. Осы жасалып жатқан әрекеттер мемлекет бюджетінің 20 пайызға толықтырады деген болжам бар.Сонымен қатар, пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензия негізінде берілген жер учаскелерін пайдалану тарифтері ұлғайтылмақ. Жауапты министрлік бұл өзгерістердің басты мақсаты – әділетті салық жүйесін қалыптастыру екенін айтады.
Автор
Қозы-Көрпеш Жасаралұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Футболдан Әлем чемпионатының екінші тур ойындары аяқталуға жақын
21.06.2026, 20:10
Саябақтағы аттракциондардың қауіпсіздігіне кім жауапты?
21.06.2026, 20:05
Ең төменгі жалақыны екі есе көтеру еңбек нарығына қалай әсер етеді?
21.06.2026, 20:04
Ішімдік ішіп, көлікпен адам қағу неге абайсызда жасалған қылмыс деп бағаланады?
21.06.2026, 20:02
Баланың денсаулығын кім қадағалайды: Педиатр ма, әлде жалпы практика дәрігері ме?
21.06.2026, 19:57
Былтыр елді мекендерде еңбек ететін дәрігерлерге 4,5 миллиард теңге қаржы бөлінген
21.06.2026, 19:55
Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президентінің шақыруымен Брюссельге ресми сапармен барады
21.06.2026, 19:50
Қазақстандық спортшылар халықаралық жарыстарда 19 медаль жеңіп алды
21.06.2026, 19:50