Сенат спикері сарапшылармен кездесті
Сарапшылардың бағалауы мен жүйелі талдаусыз сапалы заңнамалық шешімдерге қол жеткізу мүмкін емес. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматыдағы сарапшылар қауымдастығының және ғылыми-зерттеу институттарының бірқатар өкілімен кездесуінде осылай деді. Басқосуда Президенттің елді жаңғыртуға арналған күн тәртібі мен экономикалық, саяси және әлеуметтік саладағы бірлескен жобаларды іске асыру барысы талқыланды. Сенат спикері Президент жүктеген міндеттерді орындау үшін мемлекеттік құрылымдар мен сараптау және талдау қауымдастығының күш-жігерін біріктіру қажет екенін атап өтті.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламент Сенатының төрағасы:
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа Жолдауында бір палаталы Парламентке көшу мәселесін қоғам мен сарапшылар талқылауына шығарды. Осы ретте қабылдайтын шешімдерді сарапшылармен бірлесіп, сапалы талдаулар арқылы пысықтаудың маңызы зор.
Сондай-ақ, Мәулен Әшімбаев сапар барысында тұңғыш Абай ұлттық мектебінің құрылысымен және білім ордасын жабдықтау жұмыстарымен де танысты. Бұдан әрі, Өңірлік бочча федерациясының ұжымымен кездесті. Мұнда паралимпиадалық спорт түрін дамыту, соның ішінде инклюзия мәдениетін кино арқылы дәріптеу мәселесі сөз болды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы 
                                 
                                 
                                     
                                     
                                     
                                     
                                    