Тарихи шаһардағы жаңа студия енді телеарнаның Шымкенттегі жаңалықтар қызметіне қосымша қосылу арқылы тікелей эфирде оқиғалардан құлағдар етеді. Тілшілер қосыны өңірдің дамуы, саяси, мәдени өміріндегі өзгерістер жайында апта бойына түрлі телехабарлар әзірлеп, көрерменге ұсынбақ.
«Тұран news» ақпараттық бағдарламасы тәулігіне 4 рет ел және өңір жаңалықтарынан көрерменді құлағдар етеді. Түркістан мен Шымкент студиясы бейнені қашықтан беру мобильдік жүйесі бойынша эфирге қосылады. LED экранмен жабдықталған студия сандық жүйеде жұмыс істейді. Ақпараттық технология жыл соңына дейін толықтай НD форматына көшіріледі.
Мақсұт Айтжанов, Түркістан қаласындағы тілшілер қосынының жетекшісі:
- «Түркістан тынысы» хабары аптасына бір рет эфирге шығады. Ол үнемі осы жерде дайындалады. Ол хабарда Түркістанның дамуы, өсу, өркендеуі қамтылады.
Телеарна хабарларын бүгінде ел аумағынан бөлек, «OTAU TV» желісі арқылы Өзбекстан мен Қырғыз жұрты да тамашалай алады. Шығармашылық өрлеудің нәтижесінде эфирдің 80 пайыздан астамында телеарнаның өз өнімі көрсетіледі. Оның 25-і ақпараттық жанрда болса, үшеуі музыкалық, екеуі сараптамалық және ток-шоу жанрында.
Бауыржан Бердімұратов, «Qazaqstan» РТРК» АҚ облыстық филиалының директоры:
- «Qazaqstan» телерадиокорпорациясының «Ońtústik» филиалы қазіргі таңда 18 сағат хабар таратады. Оның ішінде қазақ тіліндегі көрестілімдердің үлес салмағы 90 пайызды құраса, 9,5 пайызы орыс тілінде, 0,5 пайыз өзбек тілінде. Яғни, үш тілде хабар таратынын бірден-бір арна.
Бүгінгі салтанатты шара барысында «Ақ бата» байқауы қорытындыланды. Бұл - «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында телеарнаның қолға алған тың жобасы. Салт-дәстүрімізді жаңғырту, оны ұлықтау мақсатында өткізілген байқауға өңірден 45 батагөй қария қатысты. Олар жас ерекшелігіне қарай 3 топқа бөлінді. Шешендігімен танылғандары түрлі аталым бойынша марапатқа ие болды.
Ғани ҚАЛМАХАН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.