Басты Жаңалықтар Дәрігерлер шашыраңқы склерозды емдеу жолдарын талқылады

Дәрігерлер шашыраңқы склерозды емдеу жолдарын талқылады

Елімізде 4 мыңға жуық адам шашыраңқы склероз диагнозымен тіркеуде тұр. Тағы 3 мыңға жуық науқас дәрігерлер бақылауында. Бұл туралы Алматыда өткен Түркітілдес елдердің конгресінде айтылды. Дерттің бұл түрін дер кезінде емдемесе, соңы мүгедектікке әкелуі мүмкін. Науқастардың ойлау және есте сақтау қабілеті әлсіреп, эмоционалдық функциялары бұзылады. Сондықтан дәрігерлер ауруды ерте анықтау мен заманауи емдеу тәсілдерінің маңыздылығын атап өтті. Кездесуде үш жүзге жуық маман шашыраңқы склерозды ерте анықтау, тиімді емдеу жолдары мен оңалту тәсілдерін талқылады.

Роза Нұржанова, невропаталог:

Ертеде шашыраңқы склерозбен көбінесе еуропоидтық адамдар ауыратын болса, қазіргі заманда біз олардың түркі тілдес халықтардың арасында да кең таралуын көріп тұрмыз. Оған не әсер етеді? Біріншіден, ол - миграция. Екіншіден, генетикалық факторлар және сыртқы ауаның әсерлері бар. Сондықтан да түркі тілдес халықтардың ауруының ағымдағы ерекшеліктері солар талқыланады және ем талқыланады. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, әлемде шамамен 1 млн 800 мың адам шашыраңқы склерозға шалдыққан. Әр бес минут сайын бір адамға осы диагноз қойылады. Ауру көбінесе орта жастағы адамдарда пайда болады. «Алайда салауатты өмір салтын ұстану қауіптің алдын алады», - дейді мамандар.


Бөлісу