Қазақстан мен Мурманск облысы арасында сауда айналым өсті
Қазақстан мен Мурманск облысының арасында сауда айналымы 19 есе өсті. Өңір елімізбен шекаралас болмаса да, алыс-беріс артып, әріптестік көкжиегі кеңейді. Өткен жылы елімізден Мурманскіге арнайы делегация барып, сауда порттары арқылы Еуропаға экспортты ұлғайту мәселесін көтерген еді. Ресейдегі меншікті тілшіміздің бейнематериалы.
Арктикада орналасқан Мурманск облысы Ресейде өңірлер арасында жер көлемі бойынша тоғызыншы орында. Мурманск сауда портының жүк айналымы жылдан жылға тұрақты түрде өсіп келеді. Екі тарап соңғы бір жылда әріптестікті жандандырды.  Әсіресе, энергетика, көлік және ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақ қарқынды даму үстінде.
Андрей Чибис, Мурманск облысының губернаторы:
Әріптестік барлық салада дамып жатыр. Әсіресе халық тұтынатын тауарлар, логистика саласы. Сауда айналымының 19 есе өсуі, бұл рекордтық көрсеткіш. Өнеркәсіп өндірісі бойынша да ынтымақтастық әлеуеті үлкен.Мурманск Норвегиядан 100 шақырым, Финляндиямен шекарадан 180 шақырым жерде. Сондықтан Мурманск сауда порты арқылы Қазақстан Еуропаға шығу мүмкіндігіне ие. Бұл еліміз үшін стратегиялық маңызды әрі тиімді жол. Себебі енді экспорт көлемі артады. Сонымен қатар, ғылым, білім саласында да ортақ жобаларды қолға алу жоспарда бар.
Юлия Шестова, Мурманск Арктикалық университеті халықаралық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі:
Бүгінгі күні Қазақстаннан студенттер келіп, орта, кәсіби және жоғары білім алып жатыр. 10-15 Қазақстан студенті қазір біздің оқу орнында оқып жатыр. Олар көбіне теңіз, тау-кен ісі мамандықтарын таңдайды. Алдағы уақытта Қазақстаннан келетін студенттерге орын санын ұлғайту көзделуде.Қазақстанның үш жоғары оқу орнымен келісім бар. Кадр даярлау бойынша ортақ жобалардың санын арттыру басты мақсат.
Автор
                            Индира Бегайдар
                                            Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы 
                                АҚШ ядролық сынақтарды қайта бастамақ
                                    30.10.2025, 10:18
                                 
                                Үстел теннисінен Президент кубогына арналған халықаралық турнир мәресіне жетті
                                    30.10.2025, 10:10
                                «Joltap» жобасы арқылы 36 000-нан астам астаналық жұмыс табады
                                    30.10.2025, 10:09
                                Жетісу облысында бюджеттік сала мамандарына баспана берілді
                                    30.10.2025, 10:07
                                Павлодар әуежайының жөндеу жұмыстары 2026 жылы аяқталады
                                    30.10.2025, 10:05
                                 Алматыда жыл соңына дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке қойылатын үстемеақы 15% аспайды
                                    30.10.2025, 10:04
                                Луврды тонады деп ұсталған 2 күдікті кінәсін мойындады
                                    30.10.2025, 10:00
                                Түркияда тұрғын үй құлап, 5 адам үйінді астында қалды
                                    30.10.2025, 09:59
                                 
                                     
                                     
                                     
                                     
                                    