Астаналық оқушылар теміржол қауіпсіздігін арттыратын тың жоба ұсынды
Ал астаналық оқушылардың өнертабысы теміржол желісін жетілдіріп, төтенше жағдайдың алдын алуға мүмкіндік беруі мүмкін. Жасөспірімдер әзірлеген жаңа жобаға инженерлер де жоғары баға берген. Тыңнан түрен салған талапты балалармен тілшіміз кездесіп қайтты.
Оқушылар ұсынған жоба шойынжолдағы шу деңгейін төмендетуге және апаттың алдын алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, шығындарды айтарлықтай азайтады. Инновациялық жобаны 11-сыныпта оқитын Дінмұхамед Матай мен Әмір Жәнібек әзірлеген.
Дінмұхамед Матай, оқушы:
Біз Әмір екеуміз робототехника олимпиадасына бара жатқанда түні бойы ұйықтай алмадық. Себебі, пойыздың дөңгелектерінен қатты дыбыс шыққан. Сол себепті біз осы мәселені шешу жолдарын ойладық.
Арнұр Қазбеков, жоба жетекшісі:
Идеяның қарапайымдылығы стандарт бойынша рельстердің барлық биіктігін қалдырдық. Тек қана ескі рельстердің арасына саңлауды қойып отырмыз. Ол теміржол қауіпсіздігіне әсер етеді. Екіншіден, деформациясын азайтады. Демек, бұл рельстердің шығынын азайтады.
Жасөспірімдердің «Теміржол рельстерін қосудың инновациялық технологиялары» атты жобасы Қазақстанда патенттелді. Жуырда Женевадағы халықаралық тіркеуге жолданған. Бастамаға теміржол компаниясы да қызығушылық білдіріп отыр.
Салауат Досымбеков, «ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы жол және құрылыс департаментінің бас менеджері:
Біз жобаны әзірлеген оқушылармен кездестік. Осындай жастардың бары бізді қуантады. Сондықтан қолдау қажет. Біз оларды Бурабай курортындағы рельс дәнекерлеу кәсіпорнына экскрусияға шақырып отырмыз.
Сала мамандары жобадағы инженерлік тәсілдерді оң бағалап жатыр. Алдағы уақытта оны жетілдіруге жан-жақты жердемдеспек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы