Волейболшылар жүлдемен оралды
Жағажай волейболынан Азия ойындарының алтын мен қола медальдарын еншілеген жас спортшыларымыз елге оралды. Оларды әуежайдан жанкүйерлері мен туыстары күтіп алды.
Бахрейннің Манама қаласында өткен жасөспірімдер сайысында ерлер құрамасы алтын алды. Спортшылар финалдық кездесуде таиландтық қарсыластарын 2:0 есебімен жеңген. Ал әйелдер құрамасы 3-орынға таласта Малайзия командасынан басым түсті. Ойын 2:1 есебімен аяқталды. Жаттықтырушылар жеңісті жүйелі дайындықтың жемісі дейді. Әрі Қазақстанда жағажай волейболының әрі қарай дамуына жол ашатынын айтады.
Сағыныш Оразәлі, Жасөспірімдер арасындағы Азия
ойындарында жағажай волейболынан алтын медаль иегері:
12 команда және 2 топ 6 командадан болды. Бәрімен ойнадық. Таиланд елімен тартысты ойын болды. Бірінші партияны өзіміздің күшімізбен алдық. Екінші партияда 17-11 есебімен жеңіліп жаттық. Бапкер тайм-аут алып өзімізді жігерлендіріп, 23-21 есебімен ұттық.
Арман Қабесов, Қазақстан волейбол федерациясының бірінші вице-президенті:
Біздің спортшыларымыз 1 айға жуық тыңғылықты дайындық жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде Бахрейнде өткен жарыста жақсы нәтижеге қол жеткізді. Осы жеңістің арқасында 2026 жылы өтетін ересектер арасындағы Азия ойындарына жолдама алды. Жарыс Таиландта өтеді. Ол жақтан да жоғарғы нәтижеге қол жеткізу үшін барынша дайындаламыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы