Бүгін – Халықаралық анимация күні
Бүгін – Халықаралық анимация күні. Темірдей тәртіп пен төзім сыналатын әскери салада да шығармашылықпен айналысуға болады. Мәселен, жуырда Ұлттық ұлан сарбазы Айдын Рахымовтың алғашқы анимациялық мультфильмі жарыққа шықты.
Қатардағы жауынгер патриотизм, достық пен әскери өмірді шығармашылыққа арқау еткен. Ол жақында ғана «АЛЖИР» музейіне барған сарбаздар туралы мультфильм әзірледі. Оның туындысын дыбыстауға қаруластары көмектескен. Ал командирлері сарбаздың шығармашылығын қолдап, мұндай бастамалар әскери рухты көтеріп, ұжымның бірлігін арттыратынын атап өтті.
Айдын Рахымов, 5573 әскери бөлім сарбазы:
Анимациямен айналысу – менің хоббим. Өзіме анимациямен айналысу өте қызық. Әскери өмірде жалпы неше түрлі қызықтар болады. Өзім бірге борышын өтеп жүрген сарбаздармен. Қолыма қалам алып, сол сәттерді есіме алып қағазға түсірген болатынмын. Сол сәттерді анимацияға айналдырдым.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАлматы облысының жастары қоғамдық жауапкершілікті талқылады
13.11.2026, 17:25
Тұрғындар тәуелсіз Қазақстанның қандай жетістіктерін мақтан тұтады?
13.11.2026, 17:23
Қызылорда облысында тағы екі ауылға газ қосты
13.11.2026, 17:22
Жолдауда экономикалық даму бағыттар айқындалған
13.11.2026, 17:20
PROD халықаралық олимпиадасына іріктеу басталды
13.11.2026, 17:18
Теңге – тәуелсіздіктің экономикалық тірегі
13.11.2026, 17:17