Басты Жаңалықтар «Лукойл» шетелдегі активтерін сату жоспарын жариялады

«Лукойл» шетелдегі активтерін сату жоспарын жариялады

Ресейдің екінші ірі мұнай компаниясы «Лукойл» халықаралық активтерін сату жоспарын жариялады. Мұндай шешімді кәсіпорын басшылығы өткен аптада АҚШ-тың санкциясына іліккеннен кейін қабылдаған.

Жаһандық нарықта мұнайдың екі пайызын өндіретін «Лукойл» қандай активтерін сататынын нақтыламады. 

Бір анығы – оның иелігіне Ирактың Батыс Курна-2 кеніші мен Болгария мен Румыниядағы ірі мұнай өңдеу зауыттары кіреді. Сонымен қатар «Лукойл» Венгрияға, Словакияға, Түркияға «қара алтын» жеткізіп, Еуропа елдерінде жанармай құю станциялары мен мұнай терминалдарына иелік етеді.

Бұған қоса, «Лукойл» Африкада, Латын Америкасында, Орталық Азияда, соның ішінде Қазақстанда мұнай өндірісімен, энергетикалық шикізат өңдеумен байланысты бірқатар жобаларды жүзеге асырып келеді.


Бөлісу