Медициналық туризм. Қазақстанның әлеуеті қандай?
Жыл басын бері 80 мыңнан аса шетел азаматы Қазақстанда емделген. Олар көбіне кардиохирургия, нейрохирургия, стоматологиялық қызметке жүгінген. Медицина турист тартудың тетігі екенін ескерсек, елдегі емдеу мекемелерінің әлеуетін қалай бағамдауға болады?
Бір жыл бұрын 77 жастағы Анатолийдің өкпесінен қатерлі ісік анықталған. Кейін дерт дендеп, ағзаға тарай бастайды. Қазір ол Ұлттық нейрохирургия орталығындағы гамма-пышақ аппаратында ем қабылдап жатыр.
Емделуші:
Қалай айтсам екен?! Әуелі бойда үрей болды. Қазір ем-дом шарасынан шықтым. Қорқудың қажеті жоқ екен. Шетелдің озық технологиясы мен ем орталықтары өзімізде де бар. Дәрігерлерге алғысымды айтамын.
Гамма-пышақ - бас-ми ісіктерін, тамырлы және функционалды ауруларын емдеуге арналған радиохирургиялық қондырғы. Орталық Азияда Қазақстанда ғана бар.
Нұрзат Сығай, дәрігер-нейрохирург:
Гамма-пышақ технологиясы көп науқасты операциясыз бас сүйегін ашпай, инфекциялық асқынулардан қорықпай, конфортты түрде ем өткізуге мүмкіндік беріп отыр. Шетелден келген мед.туристерге, әрине, ақылы түрде жүргізіледі. Ал Қазақстан азаматтарына толықтай тегін.
Заманауи технологиялар орталықтың тынысын кеңейтті. Бұрын науқастардың 80 пайызы шетелде емделсе, қазір керісінше. Сурайё Акимова Самарқанд тұрғыны. Соңғы кезде буыны сырқырап, жүріп-тұруы қиындаған екен. Қазір Астанадағы ұлттық травматалогия орталығында емделуде.
Сурайё Акимова, емделуші:
Менің қос тізем қақсайды. Дәрігерлер барлығын көрді, қарап тексерді. Енді жаңа технологиямен ота жасамақ. Қорқыныш бар. «Операция қалай өтеді?» деп уайымдап тұрмын. Дегенмен заманауи технология болған соң, қалыпқа келуім тез дейді мамандар. Мен де соған сенемін.
Жалпы, соңғы бес жылда елге емделуге келетін шетелдіктердің қатары артқан. «Бұған сапалы медициналық қызмет пен қолжетімді баға себеп», - дейді мамандар. Қазір Қазақстан ТМД мемлекеттері ішінде медициналық туризмнің даму қарқыны жағынан көш басында тұр.
Жанар Серікқызы, ҚР ДСМ Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының басқарушы директоры:
Туристердің қызығушылығы - дәлелді клиникаға негізделген хаттамаларымыз. Сондай-ақ бізде 9 мед.ұйым медицинаның «алтын стандарты» болып саналатын DJІ халықаралық аккредитациядан өтті.
Сарапшылар елге ем алуға келген шетелдіктер кем дегенде 3-4 миллион теңге жұмсайтынын айтады. Сондықтан қолда бар заманауи қондырғылардың мүмкіндігін кеңінен қолдану қажет деген пікірде.
Қозы Көрпеш Жасаралұлы, тілші:
Сондай-ақ елдегі сауықтыру орындарына жылына жарты миллионға жуық турист тынығады. Сондықтан өңірлерде медициналық кластерлер құру, табиғи ресурстарды ескере отырып, арнайы оңалту бағдарламалары әзірленбек.
Автор
Қозы-Көрпеш Жасаралұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте еңбек ардагерлері мен жұмысшы мамандар марапатталды
24.10.2025, 20:34
Абай облысында ел дамуына үлес қосқандар марапатталды
24.10.2025, 20:30
АҚШ пен Кариб аймағы елдері арасында шиеленіс күшейе түсті
24.10.2025, 20:30
Әлем жаңалықтарына шолу
24.10.2025, 20:30
Медицина қызметкерлері марапатталды
24.10.2025, 20:30
64 маман үздік педагог атанды
24.10.2025, 20:30
Ел дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
24.10.2025, 20:30
Әлеуметтік сала қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табысталды
24.10.2025, 20:30