Әлем жаңалықтарына шолу
АҚШ президенті Дональд Трамп президент Владимир Путинмен кездесуді доғарғанын хабарлай отырып, Ресейдің ірі энергетикалық компанияларына санкция жариялады. Содан кейін әлем нарығында мұнай бағасы бірден 4 пайызға қымбаттады.
Бүгін Брюссельде Еуропа одағының саммиті ашылды. Онда Украинаға алдағы екі жылда қаржылай көмек көрсету мәселесі талқыланып жатыр.
Ресейдің Челябинск облысының Копейск ауданындағы оқ-дәрі зауытында алапат жарылыс болып, кемінде 10 адам қаза тапты. Жергілікті билік оқиғаның себебін әзірге атамай отыр.
Үндістан астанасы Делиде ауа сапасы нашарлап барады. Атмосфераның ластануына «Дивали» мерекесінде отшашудың тым көп қолданылуы себепші.
Cауд Арабиясының астанасы әр-Рияда
сұңқарлардың халықаралық көрмесі өтті. Онда кейбір сирек құстар көлеміне,
түсіне, қауырсынына қарай бағаланып, өте қымбат бағаға сатылған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
