«Жүректен жүрекке» өнер фестивалі жас таланттарға қанат бітірді
Алматы облысында талантты балалардың қатысуымен «Жүректен жүрекке» өнер фестивалі өтті.
Мәдени кеште 20-ға жуық дарынды бала түрлі бағытта өнер көрсетті. Олардың ең кенжесі - 6 жаста. Мәдени шараға аудандағы инклюзивті білім беру орталықтарының оқушылары жиналған. Жобаның басты мақсаты - балалар мен жасөспірімдердің өнерге деген махаббатын оятып, бойындағы дарынын таныту. Дәл осындай мәдени шара өңірдің өзге аудандарында да ұйымдастырылды. Ерекше қабілетімен көзге түскендер Қонаев қаласында өтетін облыстық фестивальге жолдама алады.
Марат Жапаров, аудандық Мүгедектігі бар адамдар мәселесі жөніндегі штаттан тыс кеңесші:
Мүмкіндігі шектеулі адамдардың ойы шексіз болуы керек. Ұмтылуы қажет. Спорт, өнер айналасында өздерін көрсетсе, үміт пайда болады. Үміт - алға қарай жылжу. Балалар ішкі рухты көтеріп, мен ән айтып жатырмын ғой деп көрсетсе, қалған балалар да бұл психологияға ие болады.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы саяси партиялардың рөлін күшейтеді
18.08.2026, 20:28
Димаш әлемдік турының концепциясын таныстырды
18.08.2026, 20:17
Жетісу облысында 1 тоннадан астам қалдық шығарылды
18.08.2026, 20:15
Заңгер: Білім мен ғылымға қаржыландыруды арттыру маңызды
18.08.2026, 20:13
Абай облысында ауылға қоныс аударғандар саны артты
18.08.2026, 20:12
Құрылтай-2026: Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
18.08.2026, 20:10
Қостанай облысындағы аудан орталығында жаңа шағынаудан салынып жатыр
18.08.2026, 20:10
Үй маңындағы автотұрақты тегін пайдалануға болады
18.08.2026, 20:07