Сарапшы: Бюджетке сыртқы экономикалық ахуал әсер етпеуі тиіс
2026-2028 жылдарға арналған бюджет жоспары сыртқы экономикалық ахуалды ескере отырып әзірленген. Сондықтан қандай да бір өзгерістер елдің тұрақты дамуына әсер етпеуі тиіс. Экономика ғылымдарының докторы Жанарыс Райымбеков осылай дейді. Оның сөзінше, бюджет жоспарында әлеуметтік саладан бөлек көлік және логистика, туризм мен ауыл шаруашылығы саласы басым бағыт ретінде танылған. Өйткені бұл тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етуге негізі бола алады.
Жанарыс Райымбеков, экономика
ғылымдарының докторы:
Бұл бюджет тұрақты даму және экономикалық теңгерімділік қағидаты бойынша жасылынған. Бірақ мұның ерекшелігі сыртқы экономикалық кедергілерді есепке ала отырып жасалған. Яғни, сыртқы экономикалық ахуал нашар болатын болса, консервативті бюджетімізбен ары қарай жұмыс жасай беруімізге болады.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАлматы облысының жастары қоғамдық жауапкершілікті талқылады
13.11.2026, 17:25
Тұрғындар тәуелсіз Қазақстанның қандай жетістіктерін мақтан тұтады?
13.11.2026, 17:23
Қызылорда облысында тағы екі ауылға газ қосты
13.11.2026, 17:22
Жолдауда экономикалық даму бағыттар айқындалған
13.11.2026, 17:20
PROD халықаралық олимпиадасына іріктеу басталды
13.11.2026, 17:18
Теңге – тәуелсіздіктің экономикалық тірегі
13.11.2026, 17:17