Басты Жаңалықтар Астанада Әкім Тарази тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды

Астанада Әкім Тарази тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды

Астанада көрнекті классик, әдебиет әлемінің алыбы Әкім Тарази тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды. Сондай-ақ қаламгер қызмет атқарған Қазақ ұлттық өнер университетінде мәжіліс залы ашылды.  Әкім Тарази қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңба қалдырған қайраткер. Оның қаламынан туған «Тасжарған», «Шер», «Күлмейтін комедия» сынды шығармалар ел руханияның ең қымбат қазынасы айналды. Драматург соңғы он жылын Есіл жағалауындағы осы үйде өткізді. Есімін ел жадындағы жаңғырту мақсатында тұрғын үй алдына ескерткіш тақта орнатылды.

Төлен Әбдік, жазушы, ҚР мемлекеттік сыйлық иегері:

Біздің ұғымымызда – Әкім Тарази қазақ әдебиетіндегі ең көрнекті жазушы. Біз оны Әкім аға дейміз. «Аға» деген сөз жұрттың бәріне айтыла бермейді. Керемет шығармалар берді. Өмірде де, отбасында да өте бақытта адам болды.    

Роза Мұқанова, жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

Әкім Тарази М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов сияқты ұлы тұлғалардан тәлім алған өз буынының соңғы тұлғасы. Әрине қазақ әдебиеті, қазақ ұлты бар кезде, қазақ халқы, мемлекет бар кезде, әдебиет жасай береді. Толқынды толқын қуады. Бұл жасалап жатқан үлкен қолдау.

Жазушы Мәскеуде кәсіби түрде кино драматургиясын оқып келген алғашқы қазақ атанды. Кино өнерінің алтын қорына енген «Тұлпардың ізі», «Қараш-Қараш оқиғасы», «Мұстафа Шоқай», «Арман – атаман», «Қызжылаған» сынды туындылардың сценарий авторы. Әкім Тарази Қазақ ұлттық өнер университетінде беріге дейін шәкірт тәрбиелеп, ел руханиятына қалтқысыз қызмет атқарды.  

Ұларбек Нұрғалымұлы, жазушы, К.Байсейітова атындағы ҚазҰӨУ аға оқытушысы:

Жалпы, киносценарий мамандығы бойынша, «Кинотеледраматургия» мамандығы бойынша Т.Жүргенов атындағы университетінде бастады. Жүздеген шәкірт тәрбиеледі. Жаңадан жөндеуден өткен мәжіліс залында Әкім Тарази есімін беру заңдылық.


Бөлісу