Мәскеуде «Парасат майданы» спектаклі сахналанды
Мәскеуде «Парасат майданы» спектаклі сахналанды. Адамның ішкі әлемі мен рухани құндылықтары туралы сыр шертетін психологиялық драма Ресей астанасында Қазақстанның мәдениет күндері аясында көрсетілді. Қойылым қазақ әдебиетінің классигі Төлен Әбдіктің шығармаларының негізінде сахналанған.
Спектакльдің негізгі өзегі - адамның өз-өзімен күресі, қоғамдағы моральдық құндылықтардың жоғалуы және ақиқаттың тереңіне үңілу. Басты кейіпкер жалғыздық пен ішкі қайшылықтың құрбанына айналған жан. Ол адамдар арасындағы әділетсіздікке қарсы үн қатып, қоғамның қатал жүйесіне қарсы тұруға тырысады.
Ксения, Мәскеу қаласының тұрғыны:
«Спектакльді тамашалған соң жаның тебіренеді, көп нәрсені ой елегінен өткізесің. Жақындарыңмен тілдескің келеді, яғни, керемет әсер қалдырды. Қазақстаннан келген актерлық құрамның да шеберлігінде мін жоқ.»
Қойылым барысында көрермендер рухани
құндылықтар мен материалдық әлемнің қайшылықтарын, адам болмысының
күрделілігін, жақсылық пен жамандықтың ара жігін ажырату мәселелерін терең
сезінеді. «Парасат
майданы» адамның
рухани биігіне жету жолындағы күресін бейнелейтін қойылым, дейді
ұйымдастырушылар.
Ербол Хабылбеков, Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ ұлттық
музыкалық драма театрының директоры:
«Ана жылдан бастап біз осы Парасат майданын дайындадық. Оны өзіміздің елімізде Астана жұртшылығына премьерасын жасап, көрсеттік. Халықтың арасында қазіргі таңда қазақ драматургиясын дамыту мақсатында біз қазіргі таңда өз драматугтарымыздың көптеген жұмыстарын қолға алып жатырмыз.»
Қойылымды сахналауға барлығы отыз адам жұмылдырылды. Ал басты рөлді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Өтеуіл сомдады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
