Алматыда Салық кодексіндегі өзгерістер талқыланды
Жаңа Салық кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС шеңберінде, сондай-ақ орфандық және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу үшін дәрілік заттарды өткізу және импорттау қосылған құн салығынан босатылады.
Бұл жеңілдік осы бағытта медициналық қызметтер алу үшін де қолданылады. Бүгін Алматыда сауда-өнеркәсіп палатасының «Атамекен» өңірлік кеңесі жанындағы сарапшылар қауымдастығы мен кәсіпкерлер салық реформасын талқылады. Жаңа кодекске сәйкес 2026 жылдан бастап білім беру мен медицина ұйымдары 5 пайыз корпоративтік табыс салығын төлейді. Ай сайынғы табысы 300 АЕК-тен аспайтын жеке тұлғалар 4 пайыз мөлшерлемемен салық төлейді. Сондай-ақ оңайлатылған декларация негізінде жұмыс істейтін кәсіпкерлердің жылдық табысы 600 мың АЕК-тен аспаса, олардан да 4 пайыздық мөлшерлемемен алым алынбақ.
Ерлан Сағынаев, Ұлттық экономика вице-министрі:
Біз айтып отырған жаңа Салық кодексі мен қазіргі жүргізіліп жатқан реформалар – уақыт талабы. Бұл – бүгінгі экономикалық жағдайға сай қажетті өзгеріс. Экономикалық зерттеулер институтымен бірлесе жүргізілген есеп бойынша жаңа Салық кодексі аясында қабылданған нормалардың арқасында бюджетке қосымша шамамен 4,5 триллион теңге түседі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
