Астанада күйші Қайрат Айтбаевтың шығармашылық кеші өтті
Тәттімбет Қазанғапұлының
210 жылдығына орай күйші Қайрат Айтбаевтың шығармашылық кеші өтті. «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы ұйытқы болған өнер
кешінде Тәттімбеттің «Сылқылдақ», «Сарыжайлау», «Бозайғыр» сынды кең тараған
шығармалары орындалды. Ерекше айтып өтетін жайт, кешке жиналған көпшілік 1937
жылы жасалған көне домбыраның күмбірін тыңдады. Бұған қоса, дәстүрлі ән өнері
де салтанат құрды. Айта кетейік, Қайрат Айтбаев 20 жылдан бері күй өнерінің
өрістеуіне үлес қосып жүр. Бұл оның алғашқы шығармашылық кеші.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАлматы облысының жастары қоғамдық жауапкершілікті талқылады
13.11.2026, 17:25
Тұрғындар тәуелсіз Қазақстанның қандай жетістіктерін мақтан тұтады?
13.11.2026, 17:23
Қызылорда облысында тағы екі ауылға газ қосты
13.11.2026, 17:22
Жолдауда экономикалық даму бағыттар айқындалған
13.11.2026, 17:20
PROD халықаралық олимпиадасына іріктеу басталды
13.11.2026, 17:18
Теңге – тәуелсіздіктің экономикалық тірегі
13.11.2026, 17:17