Ұлы көшке 35 жыл
Биыл қиырдағы қазақтардың атажұртқа алғаш қадам басқанына 35 жыл. 1990 жылдың сәуір айында Моңғолиядан келген қандастар тұңғыш рет тарихи отанына табан тіреді. Осыдан кейін Ұлы көшке даңғыл жол салынды. Екі ел арасында «еңбек шарты бойынша жұмыс күшін келтіру» туралы келісімге қол қойылды. Сөйтіп бір жылдан соң тарихи отаннын аңсаған жандар Қазақстанға қоныс аудара бастады. Сол тұста Отанға оралған қандастар қазақтың салт-дәстүрін, тілін, мәдениетін әкеліп, қайта жаңғыртты. Ел дамуына айрықша еңбек сіңірді. Ал 1997 жылдың 13 желтоқсанында тұңғыш рет қазақ тілінде «Халықтың көші-қоны» туралы заңы қабылданды. Елордада бір топ зиялы қауым бас қосып, сол кезеңдегі естеліктермен бөлісті.
Әкім Ысқақ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
91 жылдан бастап, елге қарай ұмтылушылар көбейді. Моңғолиядан ол кезеңде алғаш 62 мың, кейін 100 мыңдай адам көшіп келді. Былай қарасаңыз, көш ол біздің қауіпсіздігіміз, ол көш біздің тәуелсіздігімізді нығайту.
Өмірзақ Озғанбаев, тарих ғылымдарының докторы:
Елді көшіріп алып келу үшін неше КамАЗ-дар қатарға тұрған. Неше ұшақтар адамдарды тасыған. Сонда Моңғолдар таңғалған. Қазақтар сіздер керемет мықты ел екенсіңдер. Осының барлығын керемет ұйымдастырып жатырсыздар деп.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
