Алматыдағы кітапханаға М.Әуезовтың есімі берілді
Алматыдағы кітапханаға қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің есімі берілді. Салтанатты жиынға оқырмандар, зиялы қауым өкілдері мен жазушының туыстары қатысты. Мәдени шара аясында драматургтың ел мәдениеті мен әдебиетінің дамуына қосқан үлесі тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Сондай-ақ Әлкей Марғұланның бұрын жарық көрмеген «Мұхтар Әуезов туралы естеліктер» еңбегі таныстырылды. Кітапхана қорында 60 мыңға жуық кітап бар. Мұнда салалық басылымдар, қазақ және әлем әдебиеттері ұсынылған. Шараға қатысушылар кітапханаға қазақ әдебиеті классигінің есімін беру – оның рухани мұрасына деген құрметтің айғағы екенін атап өтті.
Мереке Құлкенов, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы:
Мұндай руханият біздің жастарымыздың, болашағымыздың өсуіне, өркендеуіне көп еңбек сіңіреді. Бұл кітапхананың ерекшелігі, Абай даңғылының бойында тұр. Бұл жерге халық көп келеді. Жылына 350 мыңдай адам келіп кітап оқиды. Оның сыртында бірнеше үйірме ашылған.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нетаньяху Газаға қатысты бейбіт жоспарды қабылдаған жоқ
10.08.2026, 20:37
Абайдан қалған қазына
10.08.2026, 20:15
СҚО-да 25 инвестициялық меморандумға қол қойылды
10.08.2026, 20:13
Елімізде қолдан ақша жасайтындар азайды
10.08.2026, 20:10
Жазғы Азия ойындарына Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысады
10.08.2026, 20:09
Алматыда 7 жарым мың тұрғын жаңа пәтерге көшіріледі
10.08.2026, 20:08
«Болашақ ойындары-2026»: 453 млн қаралым жиналды
10.08.2026, 20:07
7 өңірге қоныс аударып, 7 млн теңге алуға болады
10.08.2026, 20:06