Мәскеуде Қазақстанның Ресейдегі мәдениет күндері аяқталды
Мәскеуде Қазақстанның Ресейдегі мәдениет күндері мәресіне жетті. Бірнеше күнге созылған бағдарламада еліміздің бейнелеу өнері, кино, театр саңлақтары өнер көрсетіп, құрмет пен қошеметке бөленді. «Қазақстан өнерінің жауһарлары» көрмесі мен «Парасат майданы» спектаклін тамашалауға келген адамның қарасы қалың. Бұл шаралар мәдени, гуманитарлық салада әріптестікті кеңейте түседі, - дейді ұйымдастырушылар. Ресейде тұрып жатқан қандастарымыз да мәдени шараларға белсене қатысты.
Айгүл Иришева, Санкт-Петербург қаласындағы «Орынбор» жерлестігінің басшысы:
Қазақ киноларын көріп, ерекше әсер алдық. Қазақ режиссерларының жұмысы мақтауға тұрарлық. Ресейде этникалық қазақтар көп тұрады. Сондықтан біз үшін бұл шаралар шыққан тегімізді, мәдениетімізді, дәстүрімізді ұмытпау үшін өте маңызды.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде санкция салдарынан кәсіпорындар жұмысы тоқтады
28.09.2026, 20:56
Ағза алмастыру кезегінде 6867 адам тұр
28.09.2026, 20:31
Азиада: Ауыр атлеттер ел қоржынына екі күміс жүлде салды
28.09.2026, 20:12
Орталық Азиядағы алғашқы FIA дрифт додасы мәресіне жетті
28.09.2026, 20:10
Бурабайда «Өр Алтай – түркілердің атамекені» халықаралық конференциясы өтті
28.09.2026, 20:09
Шетелдік валютада депозиті бар азаматтардың табысы артуы мүмкін
28.09.2026, 20:08
«Кітап оқитын ұлт»: 10 үздік оқырманға 10 млн теңгеден беріледі
28.09.2026, 20:07
Газ саласының үздіктері анықталды
28.09.2026, 20:06