Сарапшы: IT саласын дамытуда Қазақстанның мүмкіндігі көп
Шетелдік сарапшылар Қазақстанның цифрлық саладағы әлеуетін жоғары бағалап отыр. Мәселен биыл еліміз 253 млн долларға жуық ІТ өнімі мен қызметін экспорттаған. Ендігі меже – саланы одан ғәрі жетілдіру. Алматыда цифрландыру бағытын дамыту аясында технологиялар форумы өтті. Жиында киберқауіпсіздік, жасанды интеллект мүмкіндігін кеңінен қолдану жайы да сөз болды. Отандық мамандар шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасты. Сарапшылардың айтуынша, бұл кездесу Қазақстанның саладағы әлеуетін арттыруға септігін тигізеді.
Ырысты Жәлілханова, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің басқарма басшысы:
Еуропа ұйымының дербес деректерді автоматты түрде өңдеу конвенциясы бар. 108-конвенция деп аталады. Соған қосылу мақсатында Қазақстан жұмыстар жасап жатыр. Яғни киберқауіпсіздікті дамыту кезінде тек Қазақстанның перспективасы ғана емес, жаһандық деңгейде біріккен ынтымақтастықты дамыту аса маңызды.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы орта бизнестің үлесін 20 пайызға жеткізуді ұсынды
05.10.2026, 20:37
Қайтарылған активтер есебінен салынған жаңа стадион іске қосылды
05.10.2026, 20:22
Жаңа технология – ғылымға серпін
05.10.2026, 20:21
Кітап оқып, 10 миллион теңгеге ие бол!
05.10.2026, 20:21
Кітап – алтын қазына
05.10.2026, 20:20
Ұстаз – ұлт болашағының шамшырағы
05.10.2026, 20:18
Ұлағатты ұстаздар марапатталды
05.10.2026, 20:17
Трактор тізгіндеген кейуана ауылдастарына қолғабыс етіп жүр
05.10.2026, 20:16