Басты Жаңалықтар Қоңыр өзенінің жағасынан мамонт сүйектері табылды

Қоңыр өзенінің жағасынан мамонт сүйектері табылды

Қоңыр өзенінің жағасынан шамамен 40 мың жыл бұрын өмір сүрген түкті мамонт сүйектері табылды. Мамандар жануардың төменгі жақ сүйегі мен жіліктің бүтін күйде қатар табылуы сирек кездесетін жағдай дейді.  Мамонт сүйектерін ең алғаш Новобратское ауылының тұрғындары байқаған. Қазіргі таңда палеонтологиялық қалдықтар Ұлттық музей қорына алынып, зертханалық талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта Қоңыр өзенінің жағасына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Өйткені, «онда мамонттың толық қаңқасы сақталуы әбден мүмкін», - дейді мамандар.

Руслан Дуванбеков,  ҚР Ұлттық музейінің жетекші ғылыми қызметкері:

Мамонттың түпнұсқа қаңқасы Қазақстанда жоқ.  Тісіне қарағанда, жонылу қалпына қарағанда, 40-50 жыл жасты беруге болады. Дәл осындай күйде жақсы сақталған коллекциялар жоқтың қасы. 
 

Бөлісу