544 мың студент ЖИ-ді басқару курсынан өтті
«AI-Sana» бағдарламасы аясында еліміздегі жетекші университеттер биылдан бастап оқу жоспарына жасанды интеллект пәндерін енгізді. Ондағы оқытушылар құрамының 54 пайызы арнайы курстан өткен. Сондай-ақ, 30 жоғары оқу орны жасанды интеллект бағыты бойынша 38 білім беру бағдарламасын жүзеге асырып жатыр. Жалпы, AI-Sana - жасанды интеллект саласындағы дағдыларды дамытуға арналған бағдарлама. Оны кезең-кезеңімен іске асыру көзделген. Алғашқы лекте базалық білім беріледі. І кезеңінде 544 мың студент Huawei, Coursera, Astana Hub платформаларында және жоғары оқу орындарында ЖИ-ді басқару курстарынан өтіп, сертификат алған.
Динара Щеглова, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі:
Аталған жұмыстар еңбек нарығындағы болашақ сұраныстар алдын ала болжауға бағытталған. Негізгі мақсат - келешекте қажет болатын құзіреттер мен дағдыларды меңгерген кадрларды даярлау.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАлматы облысының жастары қоғамдық жауапкершілікті талқылады
13.11.2026, 17:25
Тұрғындар тәуелсіз Қазақстанның қандай жетістіктерін мақтан тұтады?
13.11.2026, 17:23
Қызылорда облысында тағы екі ауылға газ қосты
13.11.2026, 17:22
Жолдауда экономикалық даму бағыттар айқындалған
13.11.2026, 17:20
PROD халықаралық олимпиадасына іріктеу басталды
13.11.2026, 17:18
Теңге – тәуелсіздіктің экономикалық тірегі
13.11.2026, 17:17