Газадағы соғыстың аяқталғаны жөніндегі келісімге қол қойылды
АҚШ, Мысыр, Қатар, Түркия жетекшілері Шарм-әш-Шейх саммитінде Газадағы соғыстың тоқтағаны туралы келісімге қол қойды. Палестиналық анклавтағы атыс Дональд Трамптың 20 пунктен тұратын жоспары негізінде доғарылып отыр.
Құрама Штаттар лидері айтқандай, «Таяу Шығыста ақыры бейбітшілік орнады».
Айта кетсек, 20 елдің басшылары қатысқан саммит қарсаңында «Хамастың» кепілдігіндегі барлық тұтқын Израильге оралды. Сонымен қатар Израиль түрмелерінен 2 мыңдай палестиналық шығарылған. Бұған қоса, Газадан Израиль әскері жартылай әкетілді.
Трамптың сөзінше, қазір Газаны басқару мен оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қарастырылып жатыр және алдағы күндері АҚШ пен Мысырдың Газаны қайта құру бойынша серіктестерімен іске кірісетіні мәлім болып отыр.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00