Т.Қалиев: Сайлау азаматтық қоғамды дамытады
Биылдан бастап аудан мен қала әкімдерін тұрғындардың өзі таңдайды. Саясаттанушы Талғат Қалиевтің сөзінше, әкім сайлауы саяси партиялар арасындағы бәсекелестікті арттыруы тиіс. Сондай-ақ азаматтық қоғамның дамуына ықпал жасайды. Дауыс беру процесінде кантидаттармен қатар сайлаушыларда да жауапкершілік бар. Өйткені, өзекті проблемалардың шешілуі өзі таңдаған кандидаттың іскерлігіне байланысты. «Сайлау есеп беретін әкімдер институтын қалыптастырып, жергілікті басқару жүйесінің жұмысына қан жүгіртеді» дейді саясаттанушы.
Талғат Қалиев, саясаттанушы:
Мынау шағын қалада қар тазаланды ма, жылу бере ме, бермей ме, соның бәрі әкімге байланысты. Сондықтан әкімді сайлағанда өзінің күнделікті өмірі үшін сайлау жасайды. Бүгін сайланып, ертең уәделерді орындамаса, онда келесі сайлауда сайланбай қалады. Сондықтан қалай да сайлаушылардың көңілін тауып, берген уәдесін орындауға тырмысады.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАлматы облысының жастары қоғамдық жауапкершілікті талқылады
13.11.2026, 17:25
Тұрғындар тәуелсіз Қазақстанның қандай жетістіктерін мақтан тұтады?
13.11.2026, 17:23
Қызылорда облысында тағы екі ауылға газ қосты
13.11.2026, 17:22
Жолдауда экономикалық даму бағыттар айқындалған
13.11.2026, 17:20
PROD халықаралық олимпиадасына іріктеу басталды
13.11.2026, 17:18
Теңге – тәуелсіздіктің экономикалық тірегі
13.11.2026, 17:17