Премьер-министр Zijin Mining Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасымен кездесті
Премьер-министрі Олжас Бектенов қытайлық Zijin Mining Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Чэнь Цзиньхэмен кездесті. Жиында инвестициялық ынтымақтастықты нығайту мәселесі талқыланды.
Zijin Mining Group – металлургия саласы
бойынша әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі. 15 елде 30 жобаны жүзеге асырады.
Бүгінде елдің жалпы ішкі өнімдегі тау-кен металлургия секторының үлесі 8%-ды
құрайды. Өнімін шығару көлемі жылына 14 трлн теңгеден асады. Ал Қазақстан
қосылған құны жоғары инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін қажет жәрдемді
көрсетуге мүдделі. Zijin Mining Group
директорлар кеңесінің төрағасы Чэнь Цзиньхэ болса, Қазақстанда инвестициялар
үшін қолайлы жағдай жасалғанын айтып, ынтымақтастықты нығайтуға ниетін
жеткізді.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАлматы облысының жастары қоғамдық жауапкершілікті талқылады
13.11.2026, 17:25
Тұрғындар тәуелсіз Қазақстанның қандай жетістіктерін мақтан тұтады?
13.11.2026, 17:23
Қызылорда облысында тағы екі ауылға газ қосты
13.11.2026, 17:22
Жолдауда экономикалық даму бағыттар айқындалған
13.11.2026, 17:20
PROD халықаралық олимпиадасына іріктеу басталды
13.11.2026, 17:18
Теңге – тәуелсіздіктің экономикалық тірегі
13.11.2026, 17:17