ІІМ: Қылмыс көрсеткіші 6 мыңға азайды
Жыл басынан бері 88 мыңнан астам қылмыстық іс тіркелген. Заң бұзушылық былтырғы дəл осы уақытпен салыстырғанда 6 мыңға азайған. Бұл туралы бүгін Үкімет сағатында Ішкі Істер министрі Ержан Сəденов мəлімдеді. Депутаттар алдында баяндама жасаған министр құқық қорғау саласындағы өзге де статистикаға тоқталды.
Ернұр Медет, тілші:
Бүгінгі жиын сан айғаққа толы. 10:00-де басталғаннан бері əлі жалғасып жатыр. Күрделі сала, сондықтан сауал да жетерлік. Ержан Сəденовтің дерегінше, қылмыстардың 30 пайызы масаң күйде жасалады, сондай-ақ қылмыскерлердің үштен бірі бұрын сотталғандар. Бұл Түзету мекемесінен түзеліп шығатындардың аз екенінің көрсеткіші. Нашақорлық та қоғамға төнген басты қауіптің қатарында. Биыл 26 тонна есірткі тəркіленген, оның бір тоннадан астамы — синтетикалық заттар. Сондай-ақ 16 ұйымдасқан, оның ішінде 3 трансұлттық топ жойылды, 12 зертхана анықталды. Бұл - қарапайым статистика емес, қасіретті таңбасы бар дерек. Ессіздік апаратын ұнтаққа елітетіндерге тоқтам болмай тұр. Ал депутаттар ең бірінші сырттан келетін қауіптен сақтану керек дейді. Одан бөлек, қазір ел бойынша қазір 1,5 миллион бейнекамера орнатылған, оның 475 мыңы тікелей Жедел басқару орталықтарына қосыпты. Осы камералардың көмегімен 58 пайыз қылмыс ашылған. Қылмысқа қарсы күрес қарқынды жүріп жатыр. Дегенмен қоғам болып атсалысқанда ғана заң мен тəртіп орнайды деді Ішкі істер министрі.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Король Филиптің Қазақстанға сапары екі ел қатынасына жаңа серпін берді
23.10.2026, 17:30
Ресейде 2 мыңнан аса сауда орталығы жабылды
23.10.2026, 17:29
Ресейде еңбек мигранттарына талап қатайды
23.10.2026, 17:28
«Кітап оқитын ұлт» зияткерлік сайысы өтті
23.10.2026, 17:27
Отбасын қолдау – мемлекеттік саясат
23.10.2026, 17:24
NVIDIA бас директоры: Қазақстан – ЖИ-ді ұлттық басымдық деп жариялаған алғашқы ел
23.10.2026, 17:22
Қазақстан – инвестиция тарту бойынша көшбасшы
23.10.2026, 17:20
Заң үстемдігі және әділ төрелік – Ата заңның берік негізі
23.10.2026, 17:17