Алматыда «Медетбек батыр» кітабы таныстырылды
Талай шайқаста ерлік көрсетіп, қазақ тарихында ерекше орны бар Медетбек батыр Есебайұлының туғанына биыл 200 жыл. Мерейтой аясында Алматыда ғылыми-тәжірибелік конференция басталды. Жиынға тарихшылар, әдебиетшілер мен әскери қолбасшылар қатысты. Зиялы қауым тұлғаны дәріптеу жастардың ұлттық рухын көтеріп, патриоттық сезімін арттыратынын айтады. Сондай-ақ жиын барысында «Медетбек батыр» кітабы да таныстырылды. Еңбекте ұлы тұлғаның Қоқан хандығымен болған ұрыстардағы және ұлт-азаттық күрестегі ерлігі жазылған.
Айта кетейік, жауынгер жайында республикалық ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылады.
Оның қорытындысы 14 желтоқсанда жарияланады.
Әділ
Шаяхметов, ҚазҰТЗУ ректорлар кеңесінің құрметті мүшесі:
Сол Медетбек батырдың істеген істері мен жасаған ерліктерін жастарға баяндап, соларға жеткізіп отырсақ, әскери салада, шекара мен арнайы қызмет саласында үлкен тәлім-тәржірибе, үлгі болады деп ойлаймын.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы орта бизнестің үлесін 20 пайызға жеткізуді ұсынды
05.10.2026, 20:37
Қайтарылған активтер есебінен салынған жаңа стадион іске қосылды
05.10.2026, 20:22
Жаңа технология – ғылымға серпін
05.10.2026, 20:21
Кітап оқып, 10 миллион теңгеге ие бол!
05.10.2026, 20:21
Кітап – алтын қазына
05.10.2026, 20:20
Ұстаз – ұлт болашағының шамшырағы
05.10.2026, 20:18
Ұлағатты ұстаздар марапатталды
05.10.2026, 20:17
Трактор тізгіндеген кейуана ауылдастарына қолғабыс етіп жүр
05.10.2026, 20:16