Жалған құрылыс компанияларын анықтайтын жүйе іске қосылады
Енді жалған құрылыс компаниялары бірден анықталады. Ол үшін арнайы электронды тізім құрылмақ. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев айтты. Бүгін Мәжілісте Құрылыс кодексінің жобасы талқыланды. Министрдің сөзінше, қазір салада 80 мыңға жуық лицензия тіркелген. Талдау нәтижесінде көптеген компания тек қағаз жүзінде ғана бар екені анықталған. Оларда өндірістік база, білікті инженерлер, нақты жобаларға қатысу тәжірибесі жоқ. Мұндай жалған ұйымдар сапаны төмендетіп, мемлекеттік тапсырыстарға заңсыз қатысып келген,-дейді министр. Жағдайды реттеу үшін электронды тізім құрылып, барлық рұқсат автоматты түрде тексеріледі. Сәйкес келмейтін компаниялар тізімнен алынып тасталады.
Сонымен қатар, құрылыс инженерлерін сертификаттау жүйесі енгізілмек. Оны
мемлекет емес, тәуелсіз ұйымдар жүзеге асырады. Ереже бұзған компанияларға
құрылыс саласында жұмыс істеуге тыйым салу қарастырылып отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
