Әлем жаңалықтарына шолу
Осыдан
бірер сағат бұрын Нобельдің физика бойынша жүлдегерлері анықталды. Алайда лауреаттың бірі әйгілі сыйлықтың иегері атанғанын өзі де білмейді. Оған
хабарласу әзірге мүмкін болмай тұр.
Бүгін дүние жұртын елең еткізген негізгі жаңалықтар келесі
топтамада:
1. Биыл Нобель сыйлығын физика номинациясы бойынша британдық Джон Кларк, америкалық Джон Мартинис және француз ғалымы Мишель Деворе иеленді. Ал дүйсенбі күні әйгілі жүлде медицина бойынша екі америкалық пен бір жапондыққа табысталатыны жарияланды.
2. Ресей АҚШ-тан Украинаға «Томагавк» зымырандарын беру мәселесі бойынша түсініктеме талап етіп отыр. Бұған дейін президент Дональд Трамп майдан шебінен Мәскеуге жете алатын бұл ракета жайында «бір шешім қабылдағанын» мәлімдеген еді.
3. Израильдің оңтүстігіне шабуыл жасалып, Газа секторында соғыс басталғанына бүгін тура екі жыл. Бұл қарулы жанжалдан қаза тапқан палестиналықтар саны 67 мыңнан асып кеткен.
4. Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр Автономиялық аумағында қар борап, жолдар жабылып жатыр.
5. Индонезияның
Шығыс Ява провинциясында құлаған мектепте іздеу-құтқару операциялары аяқталды.
Оның астынан бас-аяғы 61 адамның мәйіті шығарылған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
