Басты Жаңалықтар Қазақстандық шорт-трекшілер әлемдік турға аттанды

Қазақстандық шорт-трекшілер әлемдік турға аттанды

Қазақстандық шорт-трекшілер Олимпиада лицензиясына таласады. Алдағы бейсенбіде, яғни 9 қазан күні әлемдік турдың алғашқы іріктеу кезеңі басталады. Канаданың Монреаль қаласында өтетін жарыста ел намысын 11 спортшы қорғайды. Ерлерден: Денис Никиша, Абзал Әжғалиев, Әділ Ғалиахметов, Глеб Ивченко мен Мерсаид Жақсыбаев және құрама сапына жаңадан қосылған Нұртілек Қажғали бар. Ал әйелдер құрамасы мынадай құрамда жарыс жолына шығады. Олар: Яна Хан, Ольга Тихонова, Зейнеп Құмарқан, Алина Әжғалиева және Малика Ермек. Бұдан бөлек алда әлемдік турдың үш кезеңі бар. Сол жарыстардың қорытындысы бойынша 2026 жылғы Милан Олимпиадасының квоталары үлестіріледі. Байрақты бәсекеге 12 елдің спортшылары қатысады. Олар жекелей, командалық және аралас командалық эстафетада мықтыны анықтайды.


Бөлісу