«TALIS» зерттеуі: Білім беру жүйесінде оң өзгерістер бар
Қазақстанның білім беру жүйесінде оң өзгерістер бар. Экономикалық ынтымақтастық және даму халықаралық ұйымы елімізде жүргізген зерттеу нәтижесін жариялады.
TALIS-2024 зерделеуі бойынша Қазақстанда 7 мыңнан астам педагог 369 мектеп директорының ой-пікірі сараланып, арнайы сауалнама жүргізілген. Мәселен, ұстаздардың апталық жұмыс жүктемесі 50 сағаттан 36 сағатқа қысқарып, еңбек нормасы қалыпқа түскен. Сондай-ақ мектептерде ғылыми атақ дәрежесі бар мұғалімдердің саны көбейген. Ең бастысы педагогтардың басым бөлігі жалақысына көңілі толатынын жеткізген.
Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Оқу-ағарту министрі:
TALIS-2024 зерттеуі бүгінгі таңда елімізде педагогтарды қолдау реформаларының өте тиімділігін көрсетеді. Бұған қатысты Мемлекет басшысының Оқу-ағарту министрлігіне берген нақты тапсырмалары бар. Аталған тапсырмаларды сапалы орындауды одан ары жалғастыратын боламыз.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оқушыларға «Жеке қауіпсіздік» курсы енгізілді
05.11.2026, 10:10
Семейде әлеуметтік сала мамандары марапатталды
05.11.2026, 10:08
Сербиялық іскерлер Жолдау аясында серіктестік құруға ынталы
05.11.2026, 10:07
Пхеньян жаңа әуе қорғанысы жүйесін сынақтан өткізді
05.11.2026, 10:06
Джей Ди Вэнс: Жеңіліс себебі – Иранмен соғыс
05.11.2026, 10:05
ЭКҰ арқылы дүниеге келген алғашқы сәби – 30 жаста
05.11.2026, 10:04
Заманауи зертханада жылына 5 миллион зерттеу жүргізіледі
05.11.2026, 10:03
СҚО-дағы аудандық ауруханада күрделі операциялар жасалады
05.11.2026, 10:02