Дана Әбдірова дзюдодан ӘЧ күміс жүлдегері атанды
Дзюдодан Ұлттық құрама мүшесі
Дана Әбдірова жастар арасындағы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. 57
келіге дейінгі салмақта белдесетін отандасымыз финалға дейін сүрінбей жетіп,
чемпиондық атақ сарапқа салынға күресте жапониялық жас дзюдошы Мио Шираканеге
есе жіберді. Дана жарыс барысында бес кездесу өткізді. Іріктеу кезеңінде
алдымен жеке бейтарап спортшыны тізе бүктірсе, 1/8 финалда поляк қызын айқын
басымдықпен жеңді. Ширек финалда жапониялық Уено Асукадан айласын асырса,
жартылай финалда Бразилия өкілін қапы қалдырды.
Жалпы, Перуде өтіп жатқан жаһандық додада ел намысын 18 балуан қорғайды. Жарыс 8
қазанда аралас командалық бәсекемен аяқталады.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оқушыларға «Жеке қауіпсіздік» курсы енгізілді
05.11.2026, 10:10
Семейде әлеуметтік сала мамандары марапатталды
05.11.2026, 10:08
Сербиялық іскерлер Жолдау аясында серіктестік құруға ынталы
05.11.2026, 10:07
Пхеньян жаңа әуе қорғанысы жүйесін сынақтан өткізді
05.11.2026, 10:06
Джей Ди Вэнс: Жеңіліс себебі – Иранмен соғыс
05.11.2026, 10:05
ЭКҰ арқылы дүниеге келген алғашқы сәби – 30 жаста
05.11.2026, 10:04
Заманауи зертханада жылына 5 миллион зерттеу жүргізіледі
05.11.2026, 10:03
СҚО-дағы аудандық ауруханада күрделі операциялар жасалады
05.11.2026, 10:02