6 қазан – Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні
Отандық қорғаныс өнеркәсіп кешені қарқынды даму үстінде. Қазір әскери салаға қажетті қару-жарақ пен техниканың тең жартысы өзімізде өндіріліп жатыр. Әсіресе әскери техника дайындау, оны заманауи қондырғылармен жабдықтау бағытында ауқымды жобалар бар. Бұдан бөлек сауытты машиналарды күрделі жөндеу де жолға қойылған. Бүгінде 50-ге жуық кәсіпорында 10 мыңдай маман жұмыс істейді. 6 қазан – Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күніне орай отандық кәсіпорындарда өндірілген қару-жарақтардың көрмесі өтті.
Мейірбек Құрманәлиев, «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ өкілі:
Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы пулемётті 1972 жылдан бері жасайды. Ұзындығы 1560 см. Оқ-дәрі – 12/7. Минутына 700-800 атады. Екі км-ге дейін атуға болады.
Шара аясында осы саланың дамуына айрықша үлес қосқан бірқатар азамат ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Нұрболат Бекболат, ҚР ӨҚМ Қорғаныс өнеркәсібі кешені департаментінің басқарма басшысы:
Қазіргі мемлекеттік қорғаныс тапсырысты 50 пайыздан астамын біздің отандық кәсіпорындар қамтып отыр деуге болады. Бұл біз үшін бірден бір жетістік болып есептеледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
