Газадағы соғысты тоқтату жөнінде келіссөздер басталады
Бүгін Израиль мен «Хамас» Газадағы соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздерді бастайды. Кездесу Мысырдың арағайындығымен өтеді. Ресми Каирдың мәлімдеуінше, тараптар ең алдымен израильдік тұтқындар мен түрмеде отырған палестиналықтарды босату мәселесін талқылайды. Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп екі жақты «тез әрекет» етуге шақырды. Әзірге Газада шайқас жалғасып жатыр. Хамастың мәліметінше, соңғы тәулікте анклав астанасында Израильдің бомбалау операцияларынан ондаған адам қаза тапқан. Трамптың бейбіт жоспары бойынша Газада атыс доғарылып, кепілдегілер қайтарылуы тиіс. Сондай-ақ Израиль әскері біртіндеп әкетіліп, хамастықтар амнистияға сай, сектордан шығарылып, жергілікті билік өтпелі үкіметтің қолына өтуі керек.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Әр үйде отбасы құндылықтары орнығуы қажет»
14.09.2026, 10:40
Елена Рыбакина – әлемнің бірінші ракеткасы
14.09.2026, 10:08
«Жоғалған есім»: Жаңа отандық телехикая эфирге шығады
14.09.2026, 10:08
Манарбек Ержановтың есімі Түркияда ұлықталды
14.09.2026, 10:07
Теңізде паром аударылып, 129 адам жоғалып кетті
14.09.2026, 10:06
Мұнай бағасы 3 пайызға жуық қымбаттап, 107 доллардан асты
14.09.2026, 10:06
«Қазақстан халқына» қорынан 220 талапкер білім беру грантына ие болды
14.09.2026, 10:05
ШҚО-да тұмауға шалдыққандар күрт көбейді
14.09.2026, 10:03