Басты Жаңалықтар Ұлағатты ұстаздарға мың алғыс!

Ұлағатты ұстаздарға мың алғыс!

Ертең - ұстаздар күні!

Сәт сайын құбылатын дүниеде адамзат үшін ешқашан өзгермейтін құндылық бар. Ол – білім! Ол – еңбек! Осы екеуін ұштастырған ұстаздарға қашанды құрмет ерек. Мерейлі мерекеге орай астаналдық тұрғындар ұлағатты ұстаздарға ақ тілегін арнаған еді. Бірге құлақ түрейік.

 

Мен Семей облысы, Жарма ауданында 237 мектепті бітірдім. Барлық мұғалімдерді мерекесімен құттықтаймын. Шәкірттеріңіз алға басын, тек биіктен көрінсін деймін.

 

Осы ұстаздарымыз  бізді өсіріп баққан. Мамандық беріп, білім беріп. Ұстаздарға мың алғыс. Ұстаздар күні құтты болсын!  Тәрбиелеп жатқан балаларыңыз биік белесті бағындыра берсін.

 
Алғашқы ұстазым есімде. Ұстаз болу оңай емес айналайын. Ұстаздардың еңбектері ересен. Ұстаздардың еңбегін бағалай беру керек.

 

Менің алғашқы ұстазым Гүлнұр Мирашқызы. Сізге жалындаған сәлем жолдаймын. Сізді өте жақсы көреміз. «Г» сыныбынан жалынды сәлем.

Бөлісу