Елордада жастар мен фермерлерді біріктірген «Алма» фестивалі өтті
Ал Астанада «Дүниежүзілік азық-түлік» күніне орай
алғаш рет «Алма» фестивалі өтті.
Алматы, Жамбыл, Түркістан
облыстарынан келген фермерлер алманың бірнеше түрін және оның шырынын
көпшілікке таныстырды. Сондай-ақ, тәжірибе алмасып, алма өндірісін дамыту
жолдарын талқылады. Қазір еліміздегі алма бақтарының жалпы аумағы 30 мың гектар
шамасында. Министрлік мәліметінше, 2014 жылдан бастап алма өндірісімен
айналысатын шаруаларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жатыр. Нәтижесінде
алма өндіру көлемі 43%-ға, ал өнімділік 27%-ға артқан. Фестиваль аясында
««Апорт» жәрмеңкесі ұйымдастырылып, көпшілік жергілікті жемістен дәм татты.
Ербол Тасжүреков, ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі:
Алматы облысында егіс алқаптары белгіленіп, апорт көшеттері егіліп, ұлғайту бойынша үлкен жұмыстар жасалып жатыр. Ең басты мақсаты - апортқа қайтадан ерекше көңіл бөлу.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қаза тапқан әскери қызметшілер тізімі жарияланды
25.09.2026, 13:30
Әскерилердің отбасына көмек көрсетуге бірыңғай оператор белгіленді
25.09.2026, 13:27
Құрылтай Төрағасы әскери қызметшілердің отбасына көңіл айтты
25.09.2026, 13:24
Инвестициялық форум бір минут үнсіздікпен басталды
25.09.2026, 13:21
Шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері көңіл айтуда
25.09.2026, 13:18
Маңғыстаудағы төтенше жағдай: 12 сараптама тағайындалды
25.09.2026, 13:15
Бірқатар лауазымды әскери тұлға күдікке ілінді
25.09.2026, 13:12
Ауруханадағы сарбаздың жағдайы жақсы
25.09.2026, 13:09