Қазақстан аймақтағы ірі Digital Hub-қа айналуы мүмкін
DIGITAL BRIDGE форумына 50-ден аса елден делегация келген. Сондай-ақ 400-ге жуық спикер жасанды интеллект жүйесі, цифрлық саладағы өзгерістерге қатысты ойын ортаға салды. Жасанды интеллект саладағы жұмыс істейтін қазақстандық компаниялармен танысып, мүмкіндігін білмекке арнайы келген ірі инновациялық жоба авторлары да бар. Соның бірі Х-node халықаралық компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Уей Джоу мырзамен қазір сұхбаттасқан едік. Қазақстанда жасанды интеллектті қай салада көбірек қолданған тиімді? Медицинада ма, ауыл шаруашылығы әлде білім саласында ма?
Уей Джоу, Х-Node халықаралық компаниясының бас директоры:
Бұл менің Орталық Азияға алғашқы сапарым және DIGITAL BRIDGE форумына қатысып жатқаныма өте қуаныштымын. Дәл осы елде жасанды интеллект бағытында жұмыс істеп жатқан 20-дан аса компаниямен таныстым. Бұл – Қазақстан үшін үлкен жетістік. Ал қазір жасанды интеллектті еліңізде мұнай-химия өнеркәсібі, қаржы нарығы, білім, денсаулық сақтау саласында тиімді қолдануға болады деп ойлаймын. Оны іске асыруға Қазақстанның әлеуеті жетеді.
Жасанды интеллект пен инновация саласында Қазақстанды аймақтағы «Digital Hub» ету үшін ең маңызды үш қадам қандай болуы тиіс деп ойлайсыз?
Уей Джоу, Х-Node халықаралық компаниясының бас директоры:
Жақсы ең алдымен Қазақстан үкіметінің осы бағыттағы үлкен күш-жігерін байқадым. Мен кеше сессияларға қатыстым. Президенттің және басқа да сарапшылардың Қазақстандағы жасанды интеллект саласының болашағы туралы пікірін тыңдадым. 1-қадам – Үкімет бұл салаға нақты ресурс бөлуді жалғастыруы қажет. 2-қадам – бұған жеке сектордың да қолдауы қажет. Яғни ірі корпорациялар, кәсіпорындар көмек қолын созу керек. Үшіншіден, халықаралық инвесторларды да осы саланың өркендеуіне атсалысуға шақыру қажет. Қазақстанда талантты жастардың көп екеніне көз жеткіздім. Бұл бағыттағы жұмыс сәтті іске асады деп үміттенемін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
