Басты Жаңалықтар Digital Bridge – стартаптар үшін таптырмас алаң

Digital Bridge – стартаптар үшін таптырмас алаң

Бүгін Digital Bridge форумында жасанды интеллектіні барлық салаға енгізу жолдары талқыланды. Сарапшылардың пайцмынша бұл саланың ілгерлеуіне сеп болады. Форум стартаптар үшін таптырмас алаңға айналды. Техно жиын аясында жаңа бастамалары мен тың идеяларына инвестор тапқан азаматтар жетерлік. Тұрғындарда елдің ІТ саласындағы әлеуетіне куә болды. Бизнес пен ғылым, мемлекет пен кәсіпкер арасына дәнекер болған цифрлық саммит жайлы Ернұр Медеттің материалы.

Құлтемірлердің қолғап киіп, бір-бірімен жұдырықтасқаны көпшілікті таңдандырғаны рас. Қызық үшін ұйымдастырылған роботтар боксы технологияның қарыштап дамып келе жатқанын көрсетсе керек.

Ал мына робот иттер халықтың өмірін жеңілдетіп, қауіпсіздікті арттыруға арналған. Жарылыс орындарында адам кіре алмайтын жерлерді тексеруге, құрылыс жұмыстарында қажетті материалдарды тасымалдауға пайдалана аласыз. Озық технологиялық құрылғылардың мүмкіндігі көп.

Ернұр Медет, тілші:

Мәселен, мына Розер атты робот. Ол кез-келген салада көмекші бола алады. Кеңседе ресепшн қызметін атқарып, келген қонақты күтіп алады, бағыт-бағдар көрсетеді.  Тіпті дүкенде сатып алушыларға тауар табуға көмектеседі. Әуежайда жолаушыларды ақпаратпен қамтамасыз етеді. Бастысы өзіңізге керек бағдарламалау тілін енгізсеңіз болғаны.

Технократтар тоғысқан алаңда жаңа жобасын жұртшылыққа таныстырып жүргендердің бірі – Нұрсұлтан Ысқақов. Ол балабақшадағы бүлдіршіндердің қауіпсіздігін қадағалайтын жүйе ұсынып отыр. Жасанды интелектке негізделген бағдалама арқылы арқылы кішкенатай бала өзін қалай сезініп тұрғанын, ешкімнің ұрып-соқпағанын қашықтықтан білуге болады.

Нұрсұлтан Ысқақов, стартап жоба басшысы:

Инвесторлардан қызығушылық өте жоғары деңгейде. Себебі әлеуметтік жоба. Қанша қаражат қажет, инвестиция қанша құю керек деген сұрақтармен келгенде адамдар болды. Алдағы уақытта сол кісілермен хабарласып жұмыс істейміз деген ойдамыз.

Тағы бір жаңа жоба көпфункционалды медициналық тексеру құрылғысы. Бұл технология өнеркәсіптік өндіріс орындарында қызметкерлердің денсаулығын жылдам әрі сенімді түрде бақылауға көмектеседі. Қан қысымын өлшейді.

Жанерке Баймурзина, стартап жобаның менеджері:

Бір минуттың ішінде адам толықтай танометр, алкотестр құрылғылыары арқылы өте алады. Және осы нәтижеден кейін экранның алдында шығады барлық белгілер. Содан кейін дәрігер ол кісні жұмысқа жіберуге бола ма, болмай ма шешім шығарады.

Жылдың айтулы оқиғасы саналатын форум көпшілікке осындай тың технологиясымен қызық. Технократтар тоғысқан шарада жасанды интеллектті әртүрлі салаларға енгізудің тиімді жолдары да талқыланды. Медицина, білім беру, ауыл шаруашылығы және қоғамдық қауіпсіздік сияқты маңызды бағыттардың ілгерілеуіне цифрлық шешімдер үлкен септігін-тигізеді дейді сарапшылар.

Ернұр Медет, тілші:

Қорыта айтқанда, Digital Bridge – Қазақстан үшін тек қатардағы форум емес, елдің болашағына салынған инвестиция. Мұнда көтерілген мәселелер мен ұсынылған шешімдер алдағы онжылдықта экономикалық дамудың басты драйверіне айналуы мүмкін.


Бөлісу