Ертең «Ұнайды маған» музыкалық жобасы көрермен назарына ұсынылады
Ертең, «Qazaqstan» телеарнасында биылғы жылдың ең басты жобасы «Ұнайды маған» көрермен назарына ұсынылмақ. Еліміздің әр түкпірінен жиналған 100-ден аса жас талант танымал әндерден кавер орындайды.
Қатысушылардың барлығы бұған дейін арнайы іріктеуден өткен. Сол сында сүрінбегендер енді, телевизиялық мегажобада табиғи дауыста ән шырқайды. Олардың өнерін Жанар Айжанова, Жұбаныш Жексенұлы, Маржан Арапбаева бағалайды. Жобаны Дастан Оразбеков пен Ольга Спирина жүргізеді. Айта кетейік, музыкалық шоудың алғашқы шығарылымы ертең, кешкі сағат 20:00-де көрсетіледі.
Дастан Оразбеков, әнші, жоба жүргізушісі:
Мыңның ішінен жүйріктер суырылып шығып, осы жерге келіп, өнер көрсетіп жатыр. Маңыздысы бұл - өнер алаңы. Өзін өнерден табармын деген өнер иесіне жасалған сахна және бұл керемет жасалған. Маған ұнап жатыр.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАлматы облысының жастары қоғамдық жауапкершілікті талқылады
13.11.2026, 17:25
Тұрғындар тәуелсіз Қазақстанның қандай жетістіктерін мақтан тұтады?
13.11.2026, 17:23
Қызылорда облысында тағы екі ауылға газ қосты
13.11.2026, 17:22
Жолдауда экономикалық даму бағыттар айқындалған
13.11.2026, 17:20
PROD халықаралық олимпиадасына іріктеу басталды
13.11.2026, 17:18
Теңге – тәуелсіздіктің экономикалық тірегі
13.11.2026, 17:17