Израиль полицейлері гуманитарлық жүк тиелген 40 қайықты тоқтатты
Израильдің жүздеген полиция офицері Газа секторына гуманитарлық көмек апара жатқан жаһандық флотилияның 40-қа жуық қайығын тоқтатты. Олардың бортындағы 450-ден астам шетелдік белсендінің ішінде швециялық экология жанашыры Грета Тунберг пен бірталай еуропалық депутат бар. Белсенділердің кейбірі қамауға алынған. Азық-түлік пен дәрі-дәрмек тиелген су көліктеріне шабуыл жасағаны үшін Израиль қазір үлкен халықаралық сынға ұшырап отыр. Бірақ премьер-министр Биньямин Нетаньяху үкіметінің мәлімдеуінше, бұндай операциялар «Хамастың» шетелден қару-жарақ импорттауына жол бермеу үшін қажет.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ҚҚДИ: Телеарналар Қазақстанда ақпарат көздерінің арасында позициясын нығайтып келеді
14.09.2026, 15:02
Тараз қасындағы Қарахан кесенесінің аумағын тазалады
14.09.2026, 13:27
«Жоғалған есім»: Жаңа отандық телехикая көрсетіле бастайды
14.09.2026, 13:24
БҚО жастары мерзімді әскери қызметке аттанды
14.09.2026, 13:21
Еуропада велосипедке сұраныс көбейді
14.09.2026, 13:18
Таиланд визасыз жүру мерзімін 30 күнге дейін қысқартты
14.09.2026, 13:15
Anthropic компаниясы ЖИ-дің дамуын баяулатуға шақырды
14.09.2026, 13:12
Сауд Арабиясы негізгі құбырын іске қоспаса, экспортқа арналған мұнай қоры таусылады
14.09.2026, 13:09