Сенат төрағасы Мажарстан президентімен кездесті
Соңғы жылдары Қазақстан мен Мажарстан ынтымақтастығы нәтижелі дамып келеді. Бұл ретте Мемлекет басшысы Қысым-Жомарт Тоқаевтың былтыр Будапештке жасаған алғашқы мемлекеттік сапарын айрықша атап өткен жөн, дейді Мәулен Әшімбаев. Сенат Төрағасы елімізге ресми сапармен келген Мажарстан Президенті Тамаш Шуйокпен кездесті. Жиында екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту, парламентаралық байланысты одан әрі жандандыру жайы талқыланды. Сенат Төрағасының айтуынша, Мажарстан Президентінің сапары бауырлас елдер арасында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін көрсетеді.
Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:
Кейінгі жылдар Қазақстан мен Мажарстан ынтымағы үшін өте нәтижелі болды деуге толық негіз бар. Бұл ретте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың былтыр Будапештке жасаған алғашқы мемлекеттік сапарын айрықша атап өткен жөн. Сауда-экономикалық салада бірқатар маңызды келісімге қол қойылды. Сіздің сапарыңыз мемлекетаралық өзара іс-қимыл мен ынтымақтастыққа тың серпін беріп, екіжақты қатынастардың күн тәртібін жаңа мазмұнмен байыта түседі деп сенеміз.
Автор
Қозы-Көрпеш Жасаралұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Футболдан Әлем чемпионаты қыза түсті
14.06.2026, 20:38
Былтыр Байқоңыр ғарыш айлағына 2 мыңнан астам турист келген
14.06.2026, 20:35
Балабақшада видео түсіру тәрбиешілерге артық жүктеме емес пе?
14.06.2026, 20:30
Зейнетақы жинағындағы ақшаны ерте алудың жолы қандай?
14.06.2026, 20:20
Баспана құны жоғары, сұраныс төмен: Тұрғын үй нарығын не күтіп тұр?
14.06.2026, 20:18
Еліміздің барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалдары құрылады
14.06.2026, 20:11
«Әділет» партиясы съезінің делегаттары «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
14.06.2026, 13:48
Мал шаруашылығы қызметкерлері күні атап өтіледі
14.06.2026, 12:19