Басты Жаңалықтар «Келешек мектептері» ЖИ көмегімен білім беруді бастады

«Келешек мектептері» ЖИ көмегімен білім беруді бастады

«Келешек мектептері» жасанды интеллекттің көмегімен білім беруді бастады. Мәселен, Астанадағы 101 орта мектеп қазір 3 бағдарламаны сынақтан өткізіп жатыр. «RobotAI» деп аталатын жүйе ұстаздарға нағыз көмекші. Мұғалімдер бұрынғыдай балалардың бақылау жұмысын тексеріп отырмайды. Бағдарламадағы ЖИ ассистенттер әр пән бойынша сұрақ дайындап, оны тексеріп, оқушылардың алған балын өздеріне жібереді. Ал «Google past» жүйесімен білім алушылар дайындаған презентациялар тексеріледі. ChatGPT-ден көшірілді ме әлде оқушы өзі ізденіп, дайындады ма, бәрін де жасанды интеллектінің көмегімен осы бағдарлама анықтап береді. №101 Келешек мектептің ашылғанына бар-жоғы 1 жыл. Аз уақытта ұжым 7 инновациялық жобаны қолға алды. 4 жарым мың шәкірт тәрбиелеп, елдегі үздіктер қатарына енді. Мектепті білім саласында 35 жыл тәжірибесі бар білікті басшы Алма Жұмабекова басқарады. Ол бұған дейін жетекшілік еткен 3 мектеп республика бойынша алдыңғы қатарға шыққан. Айтуынша, сапалы білім мен ізгілікті тәрбие – ұстаз-бала-ата-ана үштігі бірлескенде ғана оң нәтиже береді.  

Алма Жұмабекова, қалалық №101 орта мектебінің директоры:
Мектеп бағдарламасына жасанды интелектіні енгізу бойынша бізге Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы көмектесіп жатыр. Мұғалімдер арасында осы бағытты жетілдіру үшін жұмыс тобы құрылды. Информатика, математика сынды пәндер ғана емес, педагог жұмысын жеңілдету үшін барлық сабаққа енгізуді көздеп отырмыз. Әзірге сынақ режимінде. Сәтті өтсе, өзге де білім ошақтарына ұсынылады.


Бөлісу